Жақында болған оқиғалар — дүниежүзінде әлі де орын алып жатқан лаңкестік актілер мен зорлық-зомбылықтың тек мысалы ғана. Бүкіл жер шарындағы тұрақсыздықтан өңірлерде белгісіздік орын алып, лаңкестік топтардың өсу мен өркендеу мүмкіндігі пайда болды.
Лаңкестік пен саяси зорлық-зомбылыққа байланысты тәуекелді табыстау мүмкіндігі — компанияның қорытынды көрсеткіштерін лаңкестіктен және онымен бірге жүретін тәуекелдерден қорғаудың міндетті шарты.
Marsh компаниясы осы мәселені шешуге көмектесе алады. Нью-Йорк пен Лондон қалаларындағы лаңкестіктен сақтандыру саласындағы мамандарымыз кеңес беру қызметтерін көрсетеді, оперативтік салалық деректер мен есептерді береді, сонымен қатар тәуекеліңіздің мөлшерін анықтауға және ықтимал залалдарды болжауға мүмкіндік беретін модельдеу мүмкіндіктерін ұсынады.
Marsh компаниясының арнайы бөлімшесі лаңкестік пен саяси зорлық-зомбылыққа байланысты тәуекелдерді табыстаудың барлық мүмкіндіктерін зерттей алады. Брокерлеріміздің ішкі, жаһандық және халықаралық лаңкестік және диверсиялық әрекеттерді; ядролық, биологиялық, химиялық және радиологиялық лаңкестікті; лаңкестікке байланысты жауапкершілікті; лаңкестік орын алған жағдайда салалық залалдар бойынша кепілдікті сақтандыруды / қайта сақтандыруды, саяси зорлық-зомбылықты қамтитын түрлі сақтандыру аясының түрлерін орналастыруда тәжірибесі бар.
Біз клиенттерге бәсекеге қабілетті жағдайларда ешбір шығынсыз лаңкестік әрекеттер мен басқа да саяси сипаттағы оқиғалардың тәуекелдерін ауыстыруға мүмкіндік беретін барлық ықтимал шешімдерді бере отырып, мүлік брокерлерімен, саяси тәуекелдер жөніндегі брокерлермен және кэптивтік брокерлермен тығыз жұмыс істейміз.
Marsh компаниясы бағдарламаларды белгілі бір елге тән тәуекелдерге, соның ішінде нарықтық экономикасы дамып келе жатқан елдерде саяси зорлық-зомбылық (соғыс, азаматтық соғыс, революция мен дұшпандық әрекеттер сияқты) қауіптерінен сақтандыру шешімдерін бейімдей алады.
Нәтижесінде бұл шет елдерде қызметіңізді бұрынғыдан да сенімді кеңейтуге жәнежүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ дүниежүзі бойынша акционерлеріңіз бен активтеріңіздің қорғанысын қамтамасыз етеді.