We're sorry but your browser is not supported by Marsh.com

For the best experience, please upgrade to a supported browser:

X

Фармацевтика және биотехнология

Қарқынды дамып келе жатқан фармацевтика және биотехнология секторында үнемі өзгерістер болып тұрады. Дүниежүзіндегі Marsh сарапшылары саланың қазіргі тенденцияларын ескеріп, сақтандыру мен тәуекелдерді басқару бойынша тиімді шешімдерді әзірлейді.

Marsh дүниежүзі бойынша фармацевтика саласының ең ірі компанияларымен серіктес.

ҚР-дағы фармацевтика нарығы тұрлаусыздығының негізгі факторлары болып реттеушінің бастамалары мен әрекеттері, өндірушілер мен көтерме және бөлшек сауда дистрибуциясы қатысушыларының күшейіп келе жатқан бірігу үрдісі қалып отыр. Әсіресе кредиттік қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндігінің төмендей беруіне себеп болатын дебиторлық берешекті қайтармау тәуекелдерінің артуын атап кеткен жөн. Фармацевтика саласындағы өндірушілер үшін клиникалық зерттеулер кезіндегі қателік жасау тәуекелдері, жағымсыз реакцияларды анықтау, патенттер мен зияткерлік меншікті қорғайтын басқа да құралдардың болмауы әлі де маңыздылығын жоғалтқан жоқ.

Ең ірі халықаралық фармацевтикалық компаниялармен серіктес болу арқылы Marsh мамандары салаға тән тәуекелдерді терең түсініп қана қоймай, фармацевтика нарығының ең өзекті үрдістерін және сақтандыру нарығының қазіргі мүмкіндіктерін ескеретін шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Біздің сарапшылар фармацевтика, биотехнология, дәрілік заттарды сату, медициналық жабдықтарды сатып алу мен жеткізу, сонымен қатар клиникалық және клиника алды зерттеулерді жүргізу саласында қолданылатын сақтандыру мен тәуекелдерді басқару шешімдерін ұсынады. Біз серіктестерімізге сектор бойынша қосымша аналитиканы, ең алдымен фармацевтикалық өнімдерді жеткізу тізбегіндегі тәуекелдерге қатысты аналитиканы ұсынамыз.

Marsh сарапшылары негізгі тәуекелдерді талдап, клиенттерге тәуекел деңгейін төмендетуге, активтерді қорғауға және бизнестің табыстылығын қамтамасыз етуге көмектесетін жеке сақтандыру шешімдерін шығарады.