We're sorry but your browser is not supported by Marsh.com

For the best experience, please upgrade to a supported browser:

X

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

Marsh – әлемдік жетекші сақтандыру брокері және тәуекелдерді басқару жөніндегі кеңесші. Біз клиенттерімізге тәуекелдер көлемін өлшеуге және оларды басқаруға, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуға көмектесеміз.

Marsh – әлемдік жетекші сақтандыру брокері және тәуекелдерді басқару жөніндегі кеңесші. Біздің қызметкерлеріміз әлемнің 130-дан астам елінде клиенттерге олардың компаниялары тап болуы мүмкін тәуекелдерді анықтауға, бағалауға және егжей-тегжейлі түсінуге көмектеседі.

Marsh қызметтері қалыптасқан тұрақсыз экономикалық жағдайда кәсіпорындардың тиімділігін сақтауға және арттыруға ықпал етеді. Біз тәуекелдерді бағалау және оларды басқару жөніндегі инновациялық шешімдерді белгілеу, әзірлеу және іске асыру үшін түрлі ауқымдағы ұйымдармен ынтымақтастық орнатамыз. Клиенттермен бірлесіп әрекеттесу кешенді тәсілде құрылады: біз бірегей зияткерлік капиталды, салалық білімдерді, әлемдік тәжірибені және ұжымдық жұмысты қолданамыз. Marsh тәуекелдерді басқару, кеңес беру, сақтандыру делдалдығы, тәуекелдерді баламалы түрде қаржыландыру, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша коммерциялық кәсіпорындарға, үкіметтік мекемелерге, ұйымдарға және жеке тұлғаларға арналған сақтандыру бағдарламаларын басқару қызметтерін ұсынады.

1871 жылдан бастап клиенттер Marsh компаниясына олардың бизнес мүдделерін білдіретін, аса күрделі мәселелерді шешуге және тәуекелдерді өсу үшін жаңа мүмкіндіктерге айналдыруға көмектесетін сынақтан өткен серіктесі ретінде сенім білдіреді. Біздің 35 000-нан астам қызметкеріміз түрлі ауқымдағы және салалардағы кәсіпорындарға, жеке тұлғаларға, көп ұлтты компаниялар мен бүкіл әлем бойынша үкіметтік ұйымдарға қызмет көрсетеді.

Marsh компаниясы жүз пайыз еншілес кәсіпорын болып табылады және клиенттерге кәсіби кеңес беру қызметтері мен тәуекелдерді басқару, стратегиялық жоспарлау және кадрлық ресурстар саласындағы шешімдерді ұсынатын Marsh & McLennan Companies (NYSE: MMC) халықаралық компаниялар тобының құрамына кіреді. Топтың бүкіл әлем бойынша 75 000 қызметкері бар, жылдық табысы шамамен 15 миллиард АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар Топ құрамына Guy Carpenter, Mercer және Oliver Wyman сияқты нарық жетекшілері кіреді.