We're sorry but your browser is not supported by Marsh.com

For the best experience, please upgrade to a supported browser:

X

MARSH RISK CONSULTING

Іскерлік тұрақтылық міндетті түрде қажет болатын күрделі және серпінді нарықтық ортада тәуекелдерді басқару үшін стратегиялық кеңес пен инновациялық шешімдерді сауатты түрде үйлестіру керек.

Нақты салалар бойынша дүниежүзінде 40-тан астам елде 800-ден артық штаттық сарапшылар.

Бүгінде кәсіпкерлер көптеген мәселелерге тап болып жүр. Олар: мүлікке және күтпеген оқиғаларға, компьютерлік қауіпсіздікке, беделіне т. б. байланысты тәуекелдер. Marsh Risk Consulting осы мәселелерді шешуге көмектесе алады. Біздің қатарымызда тәуекелдерді клиенттеріміздің тұрғысынан қарастыратын, 40-тан астам елде нақты салалар бойынша дүниежүзінде 800-ден артық штаттық сарапшы бар. Сонымен қатар, компанияда осы кезге дейін ең ірі және күрделі шағымдармен жұмыс істеген шағымдарды реттеу бойынша үздік мамандар жұмыс істейді.

Біз клиенттерімізге сақтандырылатын және сақтандырылмайтын тәуекелдердің кең ауқымы бойынша стратегиялық кеңестер мен инновациялық шешімдерді ұсынамыз. Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімдері бар басқарушылық кеңес беретін компанияларға қарағанда, біз тек тәуекелдермен айналысамыз, соның арқасында көптеген ұйымдар ең күрделі іскерлік мәселелерін шешуде біздің қызметімізге жүгінеді.

Біз тәуекелдерді басқару үшін ғана емес, сондай-ақ жалпы коммерциялық мақсаттарға сай болу үшін жеке шешімдерді пайдалана отырып, тәуекелдерді стратегиялық түрде басқарамыз. Озық деректерді талдау әдістерін пайдаланып, тәуекелдерді басқару бағдарламаларының тәуекелдерге ұшырағыштығы мен кемшіліктерін бағалаймыз, сол арқылы клиенттерге инвестицияларының табыстылығын анықтауға және бағдарламаларды түзету мен алдағы бағдары туралы ақылға салынған шешімдер қабылдауға көмектесеміз.

Бір сөзбен айтқанда, Marsh Risk Consulting компанияларға тұрақтылықты арттыру, шағымдар саны мен шығындарды азайту үшін тәуекелдерінің профилін өзгертуге көмектеседі. Біз сізге ықтимал тәуекелдерді және олардың қызметіңізге әсер ету деңгейін түсінуге, сонымен қатар осындай тәуекелдерді бақылауға, оларды басқаруға және олардың әсерін азайтуға көмектесе аламыз. Шығындардан жылдам оңаласыз, пайда болған коммерциялық мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, коммерциялық мақсаттарға қол жеткізе аласыз.

Бизнес аналитика және деректерді басқару

Marsh Risk Consulting компаниясының деректерді басқаруға және талдауға арналған үздік құралдары, сонымен қатар кәсіби тәжірибесі бар, сондықтан деректерді пайдаланып, тәуекелдерді басқару бойынша ақылға салынған шешімдер қабылдауыңызға болады. Клиенттерге тәуекелдерді басқару бойынша ақылға салынған шешімдер қабылдау және сақтандыру бағдарламаларының құнын оңтайландыру үшін деректерді пайдалануға көмектесеміз.

Мысалы, Marsh Global Analytics қызметі тәуекелдерге бейімділікті бағалауға және салыстырмалы анализ жасауға, сонымен қатар тәуекелдерді қаржыландырудың тиімді шешімдерін сенімді қабылдау үшін қажетті ақпаратты жинауға көмектеседі. Кейін бұл ақпарат ұйымыңыздың сақтандыру қорғанысының қажетті деңгейін алу және тіпті сақтандыру төлемдерін үнемдеу үшін сақтандырушыңызға берілуі мүмкін. Сонымен қатар, Marsh RiskIQ командасы тәуекелдер туралы деректеріңізді басқаруға, салыстырмалы талдауға және тиімді пайдалануға қол жеткізуде көмектесе алады.
 

Бизнестің тұрақтылығы және жеткізу тізбегін басқару

Marsh Risk Consulting компаниясының жеткізу тізбегі тәуекелдерін басқару жөніндегі бөлімшесі жеткізу тізбегіне әсер ете алатын тәуекелдердің кешенді талдауын жүргізеді. Алдымен ол барлық сыртқы және ішкі жеткізу тізбектерін (соның ішінде қызметтерді) тіркеп, содан кейін негізгі өндірістік процестерді немесе қызметтерді, сонымен қатар ықтимал критикалық межелерді қарайды. Табиғи апаттар аймағының дерекқорына эксклюзивті брокерлік қол жеткізу мүмкіндігі арқасында табиғи апаттар қаупі ескерілген жеткізушілердің картасын да бере аламыз.


Құқықтық сала мен сақтандыруды орналастыру, шығымдар, талдаулар саласындағы, құқықтық және қызмет көрсету саласындағы қазіргі уақытта бар тәртіпті өзгерту үшін дүниежүзі бойынша әріптестермен және клиенттермен жұмыс істейміз. Бизнеске кедергі келтіруі мүмкін барлық факторлардан аулақ болуға тырысамыз және мүліктік залал салдарынан қызметті тоқтатуға баса назар аударылған бұрынғы қателіктерді ескеретін тәсілді қолданамыз.

 
 
Шағымдарды реттеу және қаржылық кеңестер

Marsh Risk Consulting компаниясының қаржылық кеңес беру жөніндегі қызметі зияндарды анықтау мен өлшеуде, экономикалық шағымдар мен залалдар кезінде мамандар көмегін ұсынады, соның арқасында қызметіңізді тиімді түрде қалпына келтіруге және/немесе апат, соттық іс қараулар және даулар салдарынан болған залалдарды барынша азайтуға болады.

Сарапшыларымыздың көп профильді тобы сот бухгалтериясын жүргізу, тергеулер, түсіндірмелер, өнім пікірі және жауапкершілік, бағалау, дауларға қатысты кеңес беру, сақтандыру шағымын дайындау, сондай-ақ кеңес беру бойынша үздік қызметтер көрсетеді. Біздің әріптестеріміз қысқа мерзім ішінде әлемнің кез келген нүктесіне барып, жергілікті лингвистикалық, кедендік және құқықтық мәселелерге қатысты көмек көрсете алады.

 
Кәсіпорын тәуекелдерін басқару

Marsh Risk Consulting компаниясының кәсіпорын тәуекелдерін басқару жөніндегі бөлімшесі ұйымыңыздың, жобаларыңыз бен бастамаларыңыздың тәуекелдері мен бақылау іс-шараларын белгілеуге, бағалауға және өлшеуге көмектесе алады. Біз тәуекелдер мен ілеспе шығындарды төмендетуге, тәуекелдерді басқаруда тиімділікті арттыруға және болашақ кезеңдердегі күтілетін залалдарға қатысты кепілдіктерді қалыптастыруға арналған стратегияларды әзірлейміз.

Тәуекелді қаржыландыру, тәуекелдерді басқару және бизнес тұрақтылығының бағдарламаларын біріктіру арқасында ұйымыңыздың қызмет ету қабілетін арттыруға көмектесе аламыз. Ал жеткізу тізбегі, дағдарыстық басқару, компьютерлік қауіпсіздік және бизнес тұрақтылығы сияқты салаларда сарапшылар мен талдау құралдарының кеңестерін пайдалану сіздің жанама тәуекелдерге дайындығыңызды арттырады.

 
Мүліктік тәуекелдер бойынша кеңес беру

Marsh Risk Comsulting компаниясының мүліктік тәуекелдер бойынша кеңес беру бөлімшесі мүліктік тәуекелдерді басқаруды жоспарлау және бақылау, бағалау, зияндарды төмендету іс-шараларын белгілеу бойынша кеңес беру шешімдерінің кең ауқымын ұсынады. Бұл шешімдер мүліктің бүкіл қызмет ету және оны пайдалану мерзімін, соның ішінде жоспарлауды, жобалауды, құрылысты, қызмет көрсетуді, жөндеуді және жоюды қамтиды.

Мүліктік тәуекелдер жөніндегі сарапшыларымыз жылжымайтын мүлігіңіздің қоржынына және бизнесіңізге қауіп төндіретін тәуекелдер бойынша ақылға салынған шешімдер қабылдау үшін маңызды ақпарат береді. Біртекті тәсілді және Marsh Risk Consulting патенттелген технологиясын қолдану арқасында бизнесіңізді мақсаттарына сай келетін және ықтимал мүліктік тәуекелдерді тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ұтымды стратегияны әзірлей аласыз.
 

Тәуекелдер бойынша стратегиялық кеңес беру

Marsh Risk Consulting компаниясының стратегиялық кеңес беру жөніндегі бөлімшесі тәуекелдерге дайын болудың, салдарды азайтудың және тәуекелдерді басқарудың тиісті ұйымдық жоспарларын, процестерін және процедураларын пайдалануды қамтамасыз ету үшін бизнес үздіксіздігі мен жеткізу тізбегін, дағдарыстық басқару мен іскерлік беделден айырылу тәуекелдерін басқаруды, сонымен қатар кәсіпорын тәуекелдерін басқару мен оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетеді.

Штаттық стратегиялар

Marsh Risk Consulting компаниясының штаттық стратегиялар жөніндегі бөлімшесі ұйымыңыздың тәуекелдерді басқаруға, жұмыскерлерге өтемақы төлеу шығындарын ұстап қалуға, сонымен қатар жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуы үшін тәжірибелі, білікті сарапшыларды ұсына алады.

Тәуекелдерді үздіксіз азайтудың патенттелген процедураларымызды пайдаланып, кеңесшілеріміз тиімді өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуге және ұйымыңызда ұзақ мерзімдік өзгерістерді жүзеге асыруға көмектеседі. Marsh Risk Consulting мамандарының тәжірибесі мен инновациялық шешімдері сізге кадрлық және қаржылық мәселелерді шешуге, сондай-ақ негізгі мүдделі тұлғалардың, соның ішінде директорлар кеңесінің, топ-менеджерлердің, үкіметтің және/немесе қызметкерлердің үміттерін ақтауға көмектеседі.