Көптеген компаниялардың қызметі қоршаған ортаның ластануына себеп болуы немесе оған зиян келтіруі мүмкін. Экологиялық тәуекелдердің аясына су ресурстарын қорғау, адам денсаулығына тигізетін әсерді барынша азайту, сондай-ақ биологиялық алуан түрлілік пен қоршаған орта сапасын сақтау кіреді.
Өткен онжылдық ішінде Еуропада қоршаған ортаны қорғау саласында еуропалық компаниялардың қызметін реттейтін заңнамалық база күшейтілді. Оған Еуропалық Одақтың (ЕО) экологиялық жауапкершілік туралы директиваларының күшіне енгенін, сонымен қатар Директиваның негізгі ережелерін жергілікті деңгейде бекіту мақсатында әр мемлекетте жеке заң ережелерінің әзірленуін жатқызған жөн.
Marsh сарапшылары күрделі заңнаманы түсінуге көмектеседі, клиенттің экологиялық тәуекелдерін бағалайды және оларды басқарудың сауатты шешімдерін ұсынады, сонымен қатар кез келген экологиялық қауіпті сақтандыру қажеттілігін анықтайды. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы білікті мамандарымыз экологиялық тәуекелдерді басқару бойынша кеңестер береді және оларды басқарудың сақтандырылмаған және сақтандырылған әдістерін ұсынады.
Marsh компаниясының экологиялық тәуекелдерді сақтандыру жөніндегі командасы инжиниринг, консалтинг, андеррайтинг, кәсіпкерлік және тәуекелдерді басқару саласында жұмыс істейтін нағыз кәсіпқойлардан тұрады. Тығыз серіктестік пен білім алмасу арқасында сала мамандары клиенттерге тиімді шешімдерді ұсына алады. Мысалы, қоршаған ортаны қорғау бойынша қолданыстағы регламенттерді есепке алсақ, кәсіпорындардың қаржылық міндеттемелері 10–40 есе артты, ал қоршаған ортаның ластану салдарын жоюға жұмсалатын шығындар қоршаған орта сапасының бастапқы күйі негізінде анықталады.