We're sorry but your browser is not supported by Marsh.com

For the best experience, please upgrade to a supported browser:

X

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

Marsh компаниясының негізгі құндылықтары мен қағидалары корпоративтік басқарудың тиімді принциптеріне, компанияның мінсіз беделін қамтамасыз етуге және оның акционерлерінің сенімін қолдауға негізделген.

Компанияның жария бетінің мазмұны, біздің ойымызша, шынайы ақпаратқа негізделген және тәуекелдерді басқару мен сақтандыру жөніндегі жалпы ақпарат ретінде ғана қабылдануы тиіс. Бұл ақпаратты қандай да бір нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін кеңес немесе ұсыныс ретінде қарастыруға болмайды.
Заңгерлік аспектілерге, салық салуға және есептілікті ұсынуға қатысты өтініштер «Марш» қызметкерлерінің сақтандыру және тәуекелдерді басқару саласындағы тәжірибесіне негізделген қадағалаулар болып табылады. Оларды біз беруге құқығымыз жоқ, жоғарыда көрсетілген сипаттағы кеңестер ретінде қарастыруға болмайды.

Жылдық есептер мен жыл сайынғы жиналыстар

Бүкіл әлем бойынша «Марш» бөлімшелерінің қаржылық нәтижелері Marsh & McLennan компаниялар тобының сайтында орналастырылады. Соңғы жаңалықтар, қаржылық көрсеткіштер, акционерлер мен негізгі капитал, сондай-ақ жылдық есептер мен жыл сайынғы жиналыстар туралы ақпарат инвесторлар бетінде берілген.

Жылдық қаржылық есептілік «Марш (сақтандыру брокерлері) ЖШС»:

2019

2018

2017

2016

Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік «Марш (сақтандыру брокерлері) ЖШС»:

2019

2018

2017

2016

Компания туралы ақпарат

Marsh компаниясы жүз пайыз еншілес кәсіпорын болып табылады және клиенттерге кәсіби кеңес беру қызметтері мен тәуекелдерді басқару, стратегиялық жоспарлау және кадрлық ресурстар саласындағы шешімдерді ұсынатын Marsh & McLennan Companies (NYSE: MMC) халықаралық компаниялар тобының құрамына кіреді. Сонымен қатар Топ құрамына Guy Carpenter, Mercer және Oliver Wyman сияқты нарық жетекшілері кіреді.

«Марш (сақтандыру брокерлері) ЖШС» Қазақстанда тіркелген және өз қызметін № 2.3.35 сақтандыру брокерінің лицензиясы негізінде жүзеге асырады.    

Қызмет түрі туралы ақпарат:

  • сақтандырылушының атынан жүзеге асыру кезінде делдалдық қызмет;
  • қайта сақтандыру шарттарын өз атынан және қайта сақтандырушының (цеденттің) атынан делдалдық қызметті жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес сақтандыру брокері жүзеге асыратын қосымша уәкілетті қызмет.

Серіктестіктің жалғыз қатысушысы - Marsh & McLennan Companies Services BV, Нидерланд Корольдігінің заңнамасына сәйкес құрылған және жұмыс істейтін, Сауда-өнеркәсіп палатасының Коммерциялық тіркелімінде 62060325 нөмірімен тіркелген, Конрадстраат 18 А, 3013AP, Роттердам қ. Нидерланды.

«Марш (сақтандыру брокерлері) ЖШС» - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мүшесі.

 
Қызметтерді көрсету талаптары

Marsh компаниясының қызметтер көрсетуінің жалпы талаптары Қызметтер көрсету шартында және кейде қызмет көрсету деңгейі туралы жеке шарттарда беріледі. Клиент «Марш» компаниясымен шартқа қол қойғанға дейін көрсетілген құжаттардың көшірмелерін алады.

Қолданыстағы талаптар ел мен көрсетілетін қызметтерге қарай ерекшеленуі ықтимал екенін атап өту керек. Нақты сіздің жағдайыңызға қолданылатын талаптармен танысқыңыз келсе, бізге немесе «Марш» компаниясының өңірлік өкіліне хабарласыңыз.

Сақтандыру брокерінің үшінші тараптың алдында жауапкершілігін сақтандыруд келісімшартының нөмірі мен күні: 

15 Қыркүйек 2020 жылғы №16-18-14-2020-1388 келісімшарт. Сақтандыру объектісі - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сақтандыру агенті ретінде өз қызметін жүзеге асыру кезінде Сақтандырылушының жасаған қасақана іс-әрекеттері және қателіктер мен қателіктер жіберген кездеСақтанушының (заңды немесе жеке тұлғалардың) тұтынушыларына тікелей делдалдық (қайта сақтандыру) бойынша сақтандыруды жүзеге асыруы нәтижесінде нақты зиян келтірумен байланысты мүліктік мүдде.

Сақтандырушы: "Еуразия" СК АҚ сақтандыру жағдайлар:

  1. Сақтанушының қызметi нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi заңды күшiне енген сот шешiмi.
  2. Сақтанушының қызметі нәтижесінде Сақтандырушымен алдын ала келісілгеннен кейін үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу туралы талапты Сақтандырушының қанағаттандыруы.


Сақтандыру сомасы 916 740 000,00 тенге, алайда әрбір сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасы 730 614 000,00 теңге. Келісімшарт бойынша 4 200 000,00 теңге мөлшерінде сөзсіз шегерім қарастырылған.

Келісімшарт мерзімі: 2020 жылдың 01 қазанынан бастап 2021 жылдың 30 Қыркүйегіне   дейін.