We're sorry but your browser is not supported by Marsh.com

For the best experience, please upgrade to a supported browser:

X

Электр энергетикасы

Әлемдегі электрикалық құатына деген қажеттіліктің қарыштап артуына және қоршаған ортаға түсетін күштің де үзбей артуына байланысты электрикалық энергетика компаниялары тәуекелдердің құнын және тұрақсыз экономикалық ахуал салдарын төмендететін инновациялық шешімдерді жүзеге асырып жүр.

Дүниежүзіндегі электр энергетикасы саласындағы 700-ден астам маманның тәжірибесі мен білімі Marsh компаниясына тәуекелдерді басқару саласында тиімді шешімдерді ұсынуына мүмкіндік береді.

Әлемдегі құбылмалы саяси және әлеуметтік ахуал Еуропаның барлық нарығындағы жағдайды шиеленістірді. Әсіресе Қазақстанның электрикалық энергетикасы меншік шоғырландыру мен құрылымын ауыстырудан, активтердің модернизациясын қаржыландырудың жаңа механизмдерін іздестіруден бастап электрикалық қуатының көтерме сауда нарығының моделін әзірлеуге дейінгі ғаламат жүйелік өзгерістерді басынан кешіруде. Бұған қоса, компаниялардың өсуі мен пайдалылығына компаниялардың экономикалық міндеттері мен жабдық жұмысының режимі арасындағы қайшылық, активтердің жоғары физикалық түрде тозуы, сонымен қатар импорттық жабдықты пайдалану мен қызмет көрсетудің қазақстандық жағдайларға бейімдеуге байланысты қиындықтар әсер етеді. Ескірген инфрақұрылым, ауа райының жағдайлары, адам факторы электр қуатын жеткізу жүйесіндегі апаттық өшу мен үзілу жағдайларының орын алуына себеп болады.

Бәсекеге қабілетті болып қала беру үшін энергетика компанияларына қолда бар активтерді, жұмсалатын капиталды, соның ішінде кәсіпорындар жұмысындағы үзілістер немесе жаңа объектілерді іске қосудағы кешігу жағдайларында да сенімді қорғап, тәуекелдер мен сақтандыруды тиімді түрде басқару маңызды болып отыр. Marsh сарапшыларының саладағы компаниялар үшін сақтандыру мен тәуекелдерді басқару бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесі де, сақтандыру жағдайларын реттеуге көмектесу тәжірибесі де мол.

Біздің кәсіби қолдауымыз бен жекелеген шешімдеріміз саладағы кәсіпорындардың тәуекелдерін азайтуға, экономикалық жағдайды тұрақтандыруға және болашақ стратегияны сенімді түрде жоспарлауға көмектеседі.