We're sorry but your browser is not supported by Marsh.com

For the best experience, please upgrade to a supported browser:

X

Химиялық өнеркәсіп

Қазақстандық және халықаралық нарықта сақтандыру кеңесшісі және брокер ретінде әрекет ететін, тәуекелдерді басқару саласында озық шешімдерді ұсынатын Marsh компаниясының химия саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

Бізге толықтай сенулеріңізге болады: Marsh химиялық өндіріс саласындағы 1000-нан астам клиентпен және 100-ден астам сарапшымен бірге жұмыс істейді.

Химия саласына тән тәуекелдер көбінесе қоршаған ортаға зиян келтірумен, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнумен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуымен, жеткізу тізбегінің тұрақсыздығымен байланысты. Marsh компаниясы тәуекелдерді бағалайды және залалдарды реттеумен, соның ішінде ықтимал оқиғалардың алдын алумен айналысады.

Құрамына тәуекелдерді басқару сарапшылары, сот бухгалтерлері және шағымдарды реттеу жөніндегі мамандар кіретін халықаралық командамыздың тәжірибесі мол және ол сала ерекшеліктерін, нарықтың негізгі ойыншыларын, озық әдістерді және бағалау талаптарынтерең түсінеді.

Қоршаған ортаны, денсаулықты және еңбекті қорғауға байланысты тәуекелдерді түсіну — кәсіпқой екенімізді көрсететін ең маңызды компонент. Marsh талдау құралдары көмегімен клиенттеріміз тәуекелдерге ұшырау дәрежесін анықтап, өз ұйымдарының қауіп-қатерге деген төзімділігін ескеріп, ең оңтайлы сақтандыру бағдарламаларын құрастыра алады.