Сонымен қатар, ең жаңа әуе кемелері, дамып келе жатқан авиациялық жабдықтар, геосаяси мәселелер және әлемдік нарықтағы жаңа жаһандық мүмкіндіктер жаңа ықтимал тәуекелдердің пайда болуына себеп болады.
Соңғы жылдарда ұшудың жалпы қауіпсіздік деңгейі артқанымен, әуе кемелерінен айырылу мен олардың зақымына байланысты кездейсоқ залал көлемі және авиациялық оқиғалар бойынша зиян мөлшері артты, залалдарды реттеу мен әуе кемелерін жөндеу шығыны көбейді. Бүгінгі таңда лизинг берушілер эксплуатанттарға заманға сай әуе кемелерін бере отырып, әуекомпаниялардан ықтимал залалдардың орнын толтыратын, сақтандыру аясының деңгейі бұрынғыдан жоғары болатын сақтандыру шартын жасауды талап етеді.
Авиациялық кәсіпорындарды сақтандыру саласындағы ауқымды тәжірибесінің (150 жылдан астам) арқасында Marsh компаниясы клиенттер тап болуы мүмкін барлық қиындықтарды түсінеді, олардың қажеттіліктерін ескеріп, инновациялық шешімдерді ұсынады, кәсіби білімдерін бөліседі, залалдар мен шағымдарды тиімді түрде реттеу үшін сақтандыру компанияларымен, апаттық комиссарлармен, үшінші тұлға залалдарының бағалаушыларымен, заң компанияларымен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
Marsh компаниясы тиімді ресурстарға, соның ішінде ақпаратты жинау мен талдау, тәуекелдерді орналастыру, шағымдарды қарау бойынша озық құралдарға қол жеткізу мүмкіндігін береді, сондай-ақ тәуекелдерді басқару саласында кеңес беру қызметтерін көрсетеді. Marsh компаниясы жалпы мақсаттағы авиацияны, коммерциялық әуекомпанияларды, бизнес авиацияны сақтандыру саласындағы қызметтерді ұсынады.
Қазіргі сәтте Marsh компаниясы ең ірі әуекомпаниялармен, әуе кемелерінің өндірушілерімен және олардың мердігерлерімен, әуежайлармен, азаматтық әуе кемелерінің эксплуатанттарымен, әуе қозғалысы ұйымдастырушыларымен, техникалық қызмет көрсету және әуе кемелерін жөндеу кешені ұйымдастырушыларымен серіктесіп, әлемдегі жетекші авиациялық брокер болып табылады.