Кәсіпорындар тап болатын тәуекелдер мөлшері жыл сайын өсіп келеді. Бұлардың қатарында кибер тәуекелдер, соның ішінде ақпарат пен жеке деректердің мәлім болуы, жабдық жұмысындағы ақаулықтар, саяси тұрақсыздық, соның ішінде лаңкестік актілер мен әлеуметтік шиеленіс, директорлар мен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі, активтердің ұрлануы, кәсіби беделге нұқсан келуі бар.
Marsh компаниясының қаржылық және кәсіби жауапкершілік жөніндегі бөлімшесінің мамандары клиенттерге кәсіпорындар тап болуы мүмкін тәуекелдерді болжауға және модельдеуге, сондай-ақ оларды басқаруға көмектеседі. Marsh компаниясы Marsh & McLennan Companies компаниялар тобының кәсіпорындарымен бірге жұмыс істейді және клиенттерге ұйымның қазіргі қажеттіліктерін ескеріп әзірленген, сонымен бірге әрі қарай тұрақты дамуға бағытталған кешенді шешімдерді ұсынады.
Салада көшбасшы бола отырып, Marsh компаниясы кәсіби және басқарушылық жауапкершілікті сақтандыру бойынша кешенді шешімдерді жүзеге асырады, сонымен қатар көбінесе назардан тыс қалып қоятын қателіктер мен әрекетсіздікке қатысты қорғанысты қамтамасыз етеді.