Өндірістік процесте технологиялардың бірінші орынға шығуы жиілеп келеді, соның нәтижесінде бүкіл нарықтың динамикасы өзгереді. Бұл ретте кибер тәуекелдер ең қауіпті болып келеді, себебі өндірістік кәсіпорындар рұқсатсыз пайдаланудан қорғалуға тиісті үлкен көлемді ақпаратты пайдаланады. Қорғалмаған жағдайда, елеулі шығындар мен беделге нұқсан келуі мүмкін. Электрондық жүйенің жетілуіне байланысты өнімдердің қайтарылу тәуекелдері де артады.
Сонымен қатар, реттейтін органдармен мәселелер туындауы мүмкін: саяси толқулар мен әлемдік жағдайдың жалпы тұрақсыздығы жеткізу тізбегіне теріс әсерін тигізеді.
Marsh мамандары өндірістік салалардың ерекшеліктерімен жақсы таныс және клиенттерге сақтандыру мен тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша кеңес береді. Дүниежүзіндегі әріптестерімен тығыз жұмыс істеп, озық аналитикалық құралдарды пайдалану арқылы сарапшылар саладағы істердің ахуалын жедел және объективті түрде бағалауға мүмкіндік алады. Нәтижесінде клиенттер ақылға салынған шешімдер қабылдауға үйреніп, бәсекеге бұрынғыдан қабілетті бола түседі.
Marsh компаниясы — түрлі өндірістік кәсіпорындарға арнап сақтандыру бағдарламалары (соның ішінде кэптивтер) мен тәуекелдерді басқару бағдарламаларын жасайтын көшбасшы компаниялардың бірі. Сарапшыларымыз түрлі жабдыққа, соның ішінде турбиналарға, механизмдерге, құрылыс және тау-кен үңгілеу техникасына, көтеру құралдарына, крандарға, бу қазандықтарына, ауылшаруашылық техникасына, көгалдарды қырқатын машиналар мен бақша жабдығына қатысты тәуекелдерді сақтандырумен айналысады. Біз бүкіл дүниежүзінде көптеген кәсіпорындармен жәнеGuy Carpenter, Mercer және Oliver Wyman компанияларындағы әріптестерімізбен бірге жұмыс істеп, білімімізді үнемі арттырамыз.
Сарапшыларымыз сектордағы клиенттерге тәуекелдердің құнын барынша азайтуға, кірістерді қорғауға, бизнес тұрақтылығын арттыруға және қаржы көрсеткіштерін жақсартуға көмектеседі.