We're sorry but your browser is not supported by Marsh.com

For the best experience, please upgrade to a supported browser:

X

ҚҰРЫЛЫС

Құрылыс жобаларының барлығы қалай болғанда да тәуекелдерге байланысты болатындықтарына қарамастан, тәуекелдерді басқарудың сауатты стратегияларын қолданып, ғимараттар мен инфрақұрылымдарға төнетін ықтимал қауіптерді барынша азайтуға болады. Marsh компаниясы құрылыс саласында осындай стратегияларды жүзеге асыруға арналған шарттарға отыру бойынша білім мен тәжірибеге ие.

Компания құрамында дүниежүзі бойынша құрылыс саласындағы шамамен 2500 клиентпен істес болған 1000-нан астам маман жұмыс істейді. Орналастырылған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі 100 млрд. АҚШ долларынан асты

Жыл сайын құрылыс саласында жұмыс күндерінің орасан зор бөлігі апаттық жағдайлардың салдарынан бос жұмсалады. Оның үстіне, компаниялар үнемі үлкен шығындарға себеп бола алатын шарттық міндеттемелерді орындамау тәуекелдеріне ұшырап жатады.

Құрылыс саласының жұмыс ерекшелігін білетін кәсіпқой мамандарды тарту, сонымен қатар озық талдау құралдары мен болжап модельдеу платформаларын пайдалану арқасында Marsh компаниясы бизнесіңізге ең лайықты болатын тәуекелдерді басқару стратегияларын және экономикалық тұрғыдан тиімді шешімдерді әзірлеу мүмкіндігіне ие болады. Компанияда құрылыс саласындағы жобалық тәуекелдерді реттеуге және басқаруға көмектесетін мамандардың ерекше тобы құрылған.

Marsh компаниясы айналым капиталын бұрынғыдан тиімді пайдалану жолдарын белгілей отырып, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалауға көмектеседі. Мамандарымыз ұйымыңыздың «тәуекелге деген тәбетін» анықтайды, ұйымдастыру және баға белгілеу тұрғысынан ең қолайлы нарықтар туралы ақпаратты пайдалана отырып, тәуекелдерді басқару бағдарламасын ұсынады және жүзеге асырады.

Дүниежүзі бойынша орналасқан Marsh бөлімшелерінің арқасында құрылыс жасалатын елге қарамастан, халықаралық жобаларды жүзеге асыратын ең білікті андеррайтерлерді тауып бере аламыз.